Ашынған әйел мұндай қадамға күйеуін қайтару үшін барған
Ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға бұрынғы күйеуін қайтару үшін барған.
Ресейде анасы өзінің туған қызының тамағына пышақ кезеді.
Клин қаласының тұрғыны бұрынғы күйеуін «егер отбасыңа келмесең, балаларыңды өлтіремін» деп қорқытқан.
Ерлі-зайыптылар ажырасқан соң, қыздары анасында қалған. Әйтсе де, әкесі қыздарына жиі барып тұрған, деп хабарлады life.ru порталы.
Осындай кездесулердің бірінде Маргарита қыздарының біріне пышақ кезеп, өлтіремін деп күйеуіне сес көрсеткен.
«Қазір баламызды өлтіремін. Неге тұрсың состиып? Еркек болса, қашпай, балаңды қорғамайсың ба?», - дейді әйел видеода.
Сонымен қатар, ол күйеуінің қызмет көлігіне зақым келтірген. Жігіттің айтуынша, әйелі мас болған, әйтпесе бұрын-соңды ешқашан мұндай қылық көрсетпеген екен.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Ресейдің ішкі
істер министрлігі Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы тергеуді бастады.
Кейін ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға күйеуін қайтару үшін
барғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Маргарита отбасындағы ұрыс-керістен жүйкесі
сыр бергенін де мойындады.