Мексикада адам денесінің бөліктері салынған 45 қап табылды

02.06.2023 16:32

Қаптарда әйелдер мен ер адамдардың сүйегі бар

AFP 2023 / ULISES RUIZ

Мексика билігі батыстағы Гвадалахара қаласына жақын маңдағы сайдан адам сүйегі салынған 45 қапты тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жергілікті билік мәйіттерді өткен аптада із-түзсіз жоғалып кеткен колл-орталықтың жеті қызметкерін іздеп жатқанда тапты.

Қаптарда әйел мен ер адамның сүйегі бар, нақты саны әзірге белгісіз.

Жергілікті жердің бедері қиын әрі жарық болмағандықтан іздеу жұмысы бірнеше күнге жалғасады деген болжам бар.

Батыстағы Халиско штатының мемлекеттік прокуратурасы жеті адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскеннен кейін Мирадор-дель-Боске сайына тінту жүргізгенін мәлімдеді. Сол жерден дене бөліктері салынған қап табылды.

Жергілікті өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметі полициямен және тікұшақ экипажымен бірлесіп қалдықтарды жоюмен айналысты.

Бірінші қап сейсенбі күні табылды, бірақ аймақтың бедері күрделі болғандықтан әрі күн сәулесі түспегендіктен іздеу жұмыстары сәрсенбі күні жалғасты. Барлық сүйек табылғанша іздеу жалғаса береді, деп хабарлады прокуратура.

Мәйіттер саны, олардың кім екені және не үшін қаза тапқанын анықтау жалғасады.

Сондай-ақ жергілікті билік із-түзсіз жоғалған жеті адамды іздеуді де жалғастыра береді.

Мәйіттердің сайға қалай тасталғаны әзірге белгісіз, алайда Мексикада адамдар жиі жоғалады. Мұндай қылмыс түрі Мексикада кең тараған.

Ресми деректер бойынша, Мексикада 100 000-нан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, олардың көбі ұйымдасқан қылмыс құрбандары болған. Қылмыскерлердің жазалануы да сирек құбылыс.

Үкімет дерегі бойынша, жоғалып кету жағдайлары 2007 жылдан, сол кездегі президент Фелипе Кальдерон «есірткімен күрес» жариялағаннан кейін басталған.

Із-түзсіз жоғалғандардың үштен төрт бөлігі ер адам, ал бестен бірі жоғалған кезде 18 жасқа толмаған қыз бала болған.

Жоғалған азаматтардың туыстары үкімет оларды табу үшін ешқандай күш жұмсамайтынына, олардың қайғысына бей-жай қарайтынына өкпелі.

Мексиканың Халиско штаты наркокартельдердің қанқұйлы соғыс орталығына айналған. Ал онда әрекет ететін ең ықпалдылары - «Новое поколение Халиско» және Nueva Plaza топтары.

Оқи отырыңыз: Ақтауда мектеп түлектерінің кортежі жол ережесін өрескел бұзды