Алты адам жапа шегіп, аурухана жеткізілді
Көппәтерлі тұрғын үйде болған жарылыс кезінде бірнеше адам зардап шекті. Жарақат алғандардың қатарында төрт өрт сөндіруші бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
«Голос Америки» агенттігі мәліметінше, зардап шеккен төрт өрт сөндіруші үйдегі газдың таралуына байланысты қызметтік шақырту алған. Өрт сөндірушілер жартылай қираған тұрғын үйге келген кезде жарылыс болған. Нәтижесінде алты адам жапа шегіп, аурухана жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.