Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлаған
Марокконың орталық бөлігіндегі Бени-Меллаль ауруханасында ауа температурасы көтерілгеннен кейін 21 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлаған.
Ведомство өкілдері атап өткендей, қайтыс болғандардың көпшілігі қарт адамдар немесе созылмалы аурулармен ауырған. Мароккодағы температура рекордтық көрсеткішке жеткен, кейбір қалада 40 градусқа дейін ыстық.
Марокконың денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі ауысымдық жұмыс жүйесін енгізу, медицина қызметкерлерін жұмылдыру және қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық материалдарды дайындау сияқты бірқатар шұғыл шара қабылдауға мәжбүр.
Ведомство азаматтарды ыстықтан қорғау үшін сақтық шараларын қолдануға, ыстыққа байланысты аурулардың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды.
Оқи отырыңыз: Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді