Күн сайын мереке: мамыр айында әлемде атап өтілетін ең ерекше даталар

04.05.2026 10:05

Ерекше мерекелердің арасынан кез келген нәрсеге арналған арнайы күнді табуға болады

Depositphotos.com

Әлемде күн сайын көптеген таңғажайып мерекелер атап өтіледі, — деп хабарлайды Almaty.tv. Олар формасы жағынан да, мазмұны мен атауы жағынан да ерекше. Біреулер бұған байсалды қараса, енді бірі әзіл ретінде қабылдайды. Бұл күндердің көбі белгілі бір заттар мен құбылыстарға негізделген. Кейбір мерекелер шынымен де қызық нәрселерге арналған, мысалы, Ақ жейде күні немесе «Автокөлігіңізге есім беріңіз» күні.

webplus.info жазуынша, ерекше мерекелер тізімінен кез келген талғамға сай күнді табуға болады. Өзіңізге ұнайтын қызықты күндерді таңдап, күнделікті өміріңізді түрлендіріңіз немесе біз ұсынған ең оғаш әрі ерекше мерекелер тізімін тамашалаңыз.

2026 жылғы мамыр айына арналған ерекше мерекелер тізімі:

  • 2 мамыр — Күзен күні (2014 жылдан бері ресми түрде атап өтіледі. Идея бірнеше жыл бұрын Нью-Йорк тұрғыны Кэрол Рошқа келген); Сәби күні.

  • 3 мамыр — Бақта медитация жасау күні (байқап көріңіз, сізге ұнауы мүмкін); Түрлі-түсті аяқ киім кию күні; Тулузадағы (Франция) поэзия мерекесі (XIV ғасырдан бастап жыл сайын өткізілетін гүл-жүлделер үшін шайырлар сайысы).

  • 4 мамыр — Тегін комикстер күні; Қол ұстасу күні; Бойы аласа адамдар күні; Жаңа бастамалар күні; «Жұлдызды соғыстар» (Star Wars) күні (культтік фантастикалық франшиза жанкүйерлерінің мерекесі).

  • 5 мамыр — Карикатурашылар күні (1895 жылы «The Yellow Kid» түрлі-түсті басылымының шығуына арналған).

  • 6 мамыр — Үй тапсырмасынан демалу күні (оқушылар мен мұғалімдердің бейресми мерекесі); Бояу (раскраска) күні; Халықаралық диетасыз күн.

  • 7 мамыр — Дүниежүзілік парольдер күні (мамырдың бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Әлемдегі ең танымал пароль — 123456. Ойлап тапқыш болыңыздар!).

  • 8 мамыр — Шұлықсыз жүру күні (еркіндікті сезініңіз); Ирис гүлінің күні; АҚШ-тағы жануарлардың табиғи апаттарға дайындық күні.

  • 10 мамыр — Өз бөлмеңді жинау күні (кейде бұл өте қажет); Жел диірмені күні.

  • 11 мамыр — Пойыз күні; Тіс каналын емдеу күні (тісіңізді күтіңіз!); «Ымырт аймағы» (The Twilight Zone) күні.

  • 12 мамыр — Лимерик күні (лимерик — бес жолдық әзіл өлең. Жазушы Эдуард Лирдің туған күніне орай белгіленген); Одометр немесе спидометр күні (1847 жылы Уильям Клейтон ойлап тапқан құрал).

  • 13 мамыр — Бақаның секіру күні (Марк Твеннің шығармашылығымен байланысты); Лепрекон күні (ирланд фольклорының кейіпкері); АҚШ-тағы «Үздік атқыш» (Top Gun) күні.

  • 14 мамыр — Кішкентай үйректер биі күні (бұл би барлық құрлықта танымал).

  • 15 мамыр — Нейлон шұлық күні; Сабан қалпақ күні; АҚШ-тағы жұмысқа велосипедпен бару күні; Халықаралық виртуалды көмекшілер күні.

  • 16 мамыр — Биографтар күні; Ағаштарға сүйіспеншілік білдіру күні; Теңіз маймылдары күні; Бейбітшілік белгісі ретінде күлгін түсті киім кию күні (өзге планеталықтарға адамдардың қауіпті емес екенін көрсетуге арналған әзіл мерекесі); Мамырдағы мейрамхана күні.

  • 17 мамыр — Жаңғақ күні; «Плюшкин» күні (ескі-құсқы жинайтын жандардың күні).

  • 18 мамыр — Жүзуді үйрену күні; Кір ыдыстар күні.

  • 19 мамыр — Қойын дәптер немесе блокнот күні; Мамыр күнінің шуағы.

  • 20 мамыр — Канададағы итбалық өнімдерінің ұлттық күні; Миллионер болу күні (егер бүгін жолыңыз болмаса, кез келген басқа күні де байып кетуге болатынын ұмытпаңыз).

  • 21 мамыр — Жамау күні; Еске салғыш жазбалар күні.

  • 22 мамыр — Музыкалық аспап сатып алу күні; Дүниежүзілік готтар күні; Шерлок Холмс күні (Артур Конан Дойлдың туған күні).

  • 23 мамыр — Салқын күн (қолайлы ауа райын бағалау күні); Бақытты тиын күні; Альбомның негізгі трегі күні.

  • 24 мамыр — Тиара күні (бастапқыда парсылық бас киім болған, кейін асыл тасты әшекейге айналды).

  • 25 мамыр — АҚШ-тағы чечетка немесе степ биі күні; Сүлгі күні (жазушы Дуглас Адамстың құрметіне); Ботандар немесе Гиктер мақтанышы күні.

  • 26 мамыр — Дүниежүзілік Линди-хоп күні (1920-30 жылдары Нью-Йоркте пайда болған би); Франциядағы ойын фестивалі.

  • 27 мамыр — Целлофан таспа (скотч) күні; Күннен қорғану күні; АҚШ-тағы жинақтау күні.

  • 29 мамыр — Компост күні; «Жастықты тоңазытқышқа сал» күні (салқындаған жастық сергітуге және көз астындағы ісікті басуға көмектеседі).

  • 30 мамыр — Лумис күні (радиобайланыс пионері Малон Лумистің құрметіне); АҚШ-тағы Ронни Джеймс Дио күні; «Гүлдерге су құй» күні; Халықаралық мысығыңды құшақтау күні.

  • 31 мамыр — «Есту қабілетіңді сақта» күні.

Оқи отырыңыз: Балмұздақты күнделікті тұтынудың зияны қандай