Трамп: АҚШ 2024 жылға қарай жойылады

17.09.2021 16:33

Ол Джо Байден билікке келгелі бері «мемлекеттің жайы бұрын-соңды болмаған күйге ұшырап, құлдырай жөнелген» деген сенімде екенін айтты

Сурет: facebook.com/Donald J. Trum

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы үш жылда өз елінің жойылып кетуін болжады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Newsmax-қа берген сұқбатында ол Джо Байден билікке келгелі бері «мемлекеттің жайы бұрын-соңды болмаған күйге ұшырап, құлдырай жөнелген» деген сенімде екенін айтты.

«Ал, 2022 және 2024 жылдардағы сайлауға барғанда бізде ел де болмайды», – деді ол.

АҚШ 2022 жылы 8 қарашада Палата өкілдерін сайлайды. Ал, 2024 жылы 5 қарашада америкалықтар жаңа президентін сайлауы керек. Трамп тағы да мемлекет басшысының сайлауына қатысатын-қатыспайтынын айтпады, бірақ «АҚШ-ты сүйетіндер бақытты болады» деп санайды.

Өткен жылдың қараша айында сайлауда Байденнен жеңіліп қалғалы Трамп оны үнемі сынап келеді.


Теги: Трамп