АҚШ-та қауіпті заттар тиелген пойыз рельстен шығып кетіп, өртенді

05.02.2023 18:57

Оқиға жұма күні кешкісін болған

rambler.ru

Огайо штатында қауіпті заттар тиелген 50 вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы Associated Press жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні кешкісін болған, алайда оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы әзірге белгісіз.

Ұлттық көліктегі қауіпсіздік кеңесінің өкілі Майкл Грэмнің айтуынша, вагондар рельстен шыққаннан кейін өрт шыққан.

«Өрт ауқымы азайды, дегенмен әлі бар. Екі негізгі жол бұрынғыша бұғатталып тұр», – деп атап өтті ол.

Тасымалдаушы оператордың мәліметінше, 100 вагонның жиырмасында қауіпті материалдар, 14-де аса токсинді винилхлорид тиелген. Жедел қызмет қай вагондар зақымдалғанын анықтап жатыр.