Әртіс жұрт өзінің ниетін дұрыс түсінеді деген сенім білдірді
Қытай актері Джеки Чан коронавирустың жаңа типін емдейтін дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань (54 млн теңгеден астам) беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik
Strait Times сілтеме жасап.
«Ғылым мен технологияның арқасында вируспен күресуге болады. Мен өзге адамдар да осындай ойда деп есептеймін. Дәрі жақында ойлап табылады деп сенемін», — деді актер.
Сондай-ақ, ол ақша дәріні шығарған жеке адамға да, ұйымға да берілетінін жеткізді. Әртіс жұрт өзінің ниетін дұрыс түсінеді деген сенім білдірді.
«Мәселе ақшада емес. Кезінде адам толы болған көшелер қазір бос. Мен отандастырымның вируспен күресіп, қаза болып жатқанын көргім келмейді. Олар өмір сүруі тиіс», — деді Джеки Чан.
Қытайда коронавирустың жаңа типінен көз жұмғандардың саны 9 ақпан күні 811 адамға жетті.
Бұл сыртқаттан айыққандардың саны артқанын атап өту керек. Соңғы мәліметке сәйкес, ауруханадан 2 649 адам шығарылған.