Сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт жұртқа масқара болды

29.08.2019 16:45

Жігіт сегіз жыл бойы көңілі жарасқан қызға ұсыныс жасаған

АҚШ-та жігіт сегіз жылдан соң сүйіктісіне ұсыныс жасап, жұртқа масқара болды, деп хабарлайды Sputnik.

Жігіт жүзікке біраз уақыт бойы ақша жинаған. Шағын ғана гауһартасы бар алтын сақина таңдапты.

"Мен дүниеқұмар емеспін. Бірақ жүзік өте кішкентай, өзі жиіркенішті көрінеді деп ойлаймын", - деп жазады қыз.

Reddit cайтының қолданушылары қыздың бұл пікірін қолдады. Егер маған мұндай жүзік сыйласа, ұсыныстан бас тартар едім деп жазды қыздардың бірі. Мұндай маңызды сыйлықты жауапкершілікпен таңдамаған жігіт өмірде де жауапсыз болады дейді олар.

Сондай-ақ, қыздар жүзіктің бағасына емес, түріне көңілі толмағанын айтады.

Ал жігіттер болса, қыздар үшін отбасын құрып, бақытты болудан гөрі қымбат сыйлық алу маңызды деген қорытынды жасаған.

Теги: жігіт қыз