Түркияда су тасқынынан қаза болғандар саны 58 адамға жетті

15.08.2021 в 17:11

Ел Президенті Реджеп Ердоған Кастамону, Синоп және Бартынды табиғи апат аумақтары деп жариялады

Түркияның солтүстік провинцияларында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан көз жұмғандар саны 58 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, тасқын су салдарынан Кастамону, Синоп провинцияларындағы және Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Бартын елді мекеніндегі тұрғындар қаза болған.

Табиғи апаттан 300 елді мекен электр жарығынсыз қалды. Бірнеше автожолдағы қозғалыс бұғатталды. Бозқұрт қаласында бірқатар көпқабатты ғимарат қирады. Құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздестіруде.

Ел Президенті Реджеп Ердоған Кастамону, Синоп және Бартынды табиғи апат аумақтары деп жариялады.