AMC Royal қонақүйінде болған туристердің бірі Елена Сергеева жаппай уланудың себебі судан болуы мүмкін екенін айтады
Хургада курортында 40 адам уланып, ауруханаға жатқызылды. Арасында балалар да бар. Олардың бәрі ресейліктер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
AMC Royal қонақүйінде болған туристердің бірі Елена Сергеева жаппай уланудың себебі судан болуы мүмкін екенін айтады. Әйелдің айтуынша, олар қонақүйде кран суымен аузы-мұрнын шайған.
Туристің отбасы 28 қазанда AMC Royal Hotel қонақүйіне орналасады. Үшінші күні оның жүрегі айнып, құсып, жайсыздық сезінген.
"Күні бойы полиция, судья, қала әкімі жауап алды. Кешке қарай балам ауырып, оны да жедел осында жеткізді. Аурухана тек біздің қонақүйдің тұрғындарына толып қалды. Көбі балалар. Бәрінің қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсып, диарея болып жатыр", – деді Елена Сергеева.
31 қазанда Мысырдың туристік палаталар федерациясы Хургадада уланған Ресей азаматтарының төртеуі ауруханадан шығарылғанын хабарлады. Сонымен бірге, Ресейдің Бас консулдығы ауруханаға жатқызылған азаматтарының жағдайы "қанағаттанарлық" деп мәлімдеді.
Мысыр курортының санитариялық қызметі ресейлік туристер уланған қонақүйді 48 сағатқа жауып тастаған.
AMC Royal қонақүйінде прокуратураның тергеуі басталды. Тамақ өнімдеріне, сусындарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты санитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін қонақүйге айыппұл салынып қана қоймай, лицензиясы қайтарып алынуы да мүмкін.