Қытайда әлем бойынша алғашқы аспалы теміржол іске қосылды

14.08.2022 19:49

Мұндай теміржолдың құрылысына жұмсалатын қаржы метро желісі құрылысына қажетті қаржының 10-нан бір бөлігін ғана құрайды

dnews.ru

Қытай Орталық телевизиясы елде әлемдегі алғашқы аспалы теміржол пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Теміржол Қытайдың оңтүстігіндегі Цзянси провинциясында ашылған. Оның ұзындығы 800 метр, жер бетінен 10 метр биіктікте орналасқан. Механизм үздіксіз магнит өрісі негізінде жұмыс істейді және 88 жолаушыға арналған құраманы көтере алады.

Цзянси ғылым және технология университеті зерттеушілерінің айтуынша, пойыз қозғалысы үшін үйкеліс болмаған жағдайда аздаған электр энергиясы жеткілікті.