Жас жігіт шіркеуге баса-көктеп кіріп, оқ жаудырды

15.04.2019 17:18

Полицейлер бұл оқиғаға діни себептің түрткі болмағанын айтады

Канададағы Сэлмон-Арм шіркеуінде ер адам оқ жаудырды. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, тағы біреуі жараланды, деп хабарлайды CTV телеарнасы.

Оқиғаға кінәлі адам қолға түсті. Ол 25 жастағы жігіт болып шықты. Алайда тергеу жүріп жатқандықтан, оның есімі әзірге жарияланбай отыр.

Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайда ешқандай діни астар жоқ.

Сэлмон-Арм шіркеуі Ванкувер қаласынан солтүстік-батысқа қарай 460 шақырым жерде орналасқан.