Селфи жасамақ болған студент 10-қабаттан құлап кетті
Алдымен орындық алып, 10-қабаттағы балконның жиегіне отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
19 жастағы Виктория Гринкевич Литва астанасы Вильнюстегі Еуропа мемлекеттік университетінің студенті. Беларусьте дүниеге келген бойжеткеннің денесі өзі тұрған студент қалашығындағы жатақхана маңынан табылды, деп жазады life.ru.
Куәгерлердің айтуынша, ол түнгі қаланың фонында жоғарыдан суретке түспек болған. Алдымен орындық алып, 10-қабаттағы балконның жиегіне отырған. Сол кезде бойжеткен тепе-теңдіктікті сақтай алмай, құлап кеткен.
Жедел жәрдем дәрігерлері студентті аман алып қалу үшін жарты сағат күрескен. Алайда марқұм ауруханаға жетпей көз жұмды.
Викторияның өлімін Беларусь Республикасының СІМ растады. Ал Вильнюс полицейлері оқиға болған жерде тексеру жүргізіп, студенттерден түсінік алып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37