Ата-анасы смартфон әпермегені үшін бала у ішіп өлмек болды

15.01.2020 16:54

Үй іші дер кезінде байқап, жедел жәрдем шақырғанның арқасында ол тірі қалды

ruffnews.ru


Бангладеште Рабиул Ислам атты оқушы ата-анасының смартфон сатып әпермегені үшін  у ішіп өлмек болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Отбасы мүшелері Рабиулдың әкесіне смартфон әпер деп қиғылық салғанын айтуда. Алайда әкесі оны жай еркелікке балап, әпере қоймаған. Соған қырсыққан бала түнде у ішкен. Алайда дер кезінде үй іші  байқап, жедел жәрдем шақырғанның арқасында ол тірі қалды. Бүгінде бала Бангладеш ауруханасында емделіп жатыр.

Еске сала кетейік, Атырауда бір бала  батарейка жұтып қойып, көз жұмды.