Жас орнына қан тамады: 8 жасар қыз сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан

18.12.2019 16:55

Сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан қыздың терісінен күніне бірнеше рет қан ағады.

"МИР 24"

Үндістанның Трипура штатында тұратын қыз өте сирек кездесетін дертке шалдыққан. Сондықтан жылағанда көзінен жас орнына қан тамады, деп хабарлайды Sputnik The Sun ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

8 жасар Чвнгсаса Деббармада сырқаттың белгілері сәуір айында байқала бастапты. Сол кезден бастап құлағы мен мұрнынан қан кеткен. Кейін қол-аяғы мен бетінен қан аға бастады.

Дәрігерлер қыздың сирек кездесетін гематогидроз дертіне шалдыққанын айтып отыр. Алайда бұл нақты диагноз емес. Әлі қосымша тексеріс жүргізу жоспарланған. Дәрігерлер берген дәріден кейін қыздың жағдайы біршама жақсарды.

Алайда біраз уақыттан соң қыздың ерні, тілі, маңдайы, қолы, саусақтарынан тағы да қан шыға бастады. Деббарманың жағдайы қиындап кетті.

Қыз штаттағы бірнеше аурухананың мамандарына барды. Бірақ оған ешкім көмектесе алар емес.