|
15.10.2019 | 11:57
1397

Жапония тайфун: Иваки қаласынан жаппай көшіру кезінде 70 жасар кейуана қаза тапты

Жалпы, Хагибис» тайфуны салдарынан 58 адам қайтыс болып, 210 адам зардап шеккен, 14-і із-түзсіз жоғалған

Жапония тайфун: Иваки қаласынан жаппай көшіру кезінде 70 жасар кейуана қаза тапты

Фукусима префектурасындағы су астында қалған Иваки қаласынан жаппай көшіру кезінде 70 жасар әйел қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

Құтқарушылар егде жанды арқан арқылы 40 метр биіктіктегі тікұшаққа тартпақ болған. Ауданда орын алған жағдай бойынша зейнеткерді басқаша құтқару мүмкін емес еді. Мәлім болғандай, құтқарушылардың біреуі арқанға ілгекті тағып үлгермей қалған.

Жапониядағы апатты жағдай орын алған аймақтан халық жаппай көшіріліп жатыр. Соңғы деректер бойынша, елдің орталық және шығыс аудандарын тас талқан еткен «Хагибис» жойқын тайфуны салдарынан 58 адам жан опат болды.  210 адам зардап шегіп, 14-і іс-түссіз жоғалғандар қатарында. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ осы күні 30 мың адамның үйлеріне орала алмай отырғандығын алға тартты. 8 мың үй су астында қалған. Ел бойынша 100 мың адам сусыз отыр.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир