Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк өмірден өтті

фото © ТАСС
фото © ТАСС
Ол 2019 жылдан бері киноға түсуді тоқтатып, ми ісігімен (глиобластома) күресті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейлік кино және театр актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк 53 жасында өмірден өтті. Бұл жайында әртістің жақындары оның әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрметті достар! Бұл жағдайды түсінудің және дұрыс сөз табудың өзі өте қиын. Бүгін түнде ұзаққа созылған ауыр науқастан Настяның өмірі үзілді. Оған шын жүректен жақсылық тілеп, сауығып кетуіне тілектес болған, жылы сөзін аямаған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз. Настя сіздердің қолдауыңызды әрқашан сезініп, бағалай білді. Қоштасу орны мен уақытын кешке хабарлаймыз»,- делінген актрисаның Instagram парақшасында.

Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астрахан қаласында дүниеге келген.  

2019 жылдан бері киноға түсуді тоқтатып, ми ісігімен (глиобластома) күресті.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі Женевада ДДҰ елдерін Тоқаевтың бастамасына қосылуға шақырды

Новости партнеров