Трамп өзін АҚШ тарихындағы ең еңбекқор президент екенін айтты

27.04.2020 в 16:58

Президент бұл жазбасы арқылы The New York Times газетін сынға алып отыр

Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында өзін ең еңбекқор президент екенін жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент бұл жазбасы арқылы The New York Times газетін сынға алып отыр. БАҚ Трамптың жұмыс кестесі туралы жалған мәлімет берген делінеді.

"Мен таңғы уақыттан түнге дейін жұмыс істеймін, Ақ үйде айлап отырып, жұмыс істеймін, қарулы күштердің қайта құрылуы мен сауда келісімдерін реттегім келеді. Осыдан кейін The New York Times басылымында менің жұмыс кестем туралы жалған мәліметті оқып отырмын", - деп жазған Трамп.

Сондай-ақ, осы жазбасында Трамп өзін АҚШ тарихындағы ең еңбекқор президент екенін жазады.