Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының денесін бір жыл бойы жасырған

pixabay / Sabine van Erp
pixabay / Sabine van Erp
Осы уақыт ішінде ер адам жәрдемақы түрінде 50 мың еуроға жуық ақша алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Австрия полициясы бір жылдан астам уақыт марқұм анасының денесін жертөледе жасырған ер адамның қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қылмыс кездейсоқ ашылған. Жаңа пошташы қарт әйелге жәрдемақы беруге келген, алайда оны көре алмағандықтан, көңіліне күмән ұялапты.

Австриялық полицейлердің айтуынша, ақыл-есі кем 89 жастағы әйел былтыр маусым айында қайтыс болған. Сол кезде оның 66 жастағы ұлы анасының мәйітін жертөлеге жасырып, иіс шықпас үшін мұз салынған пакеттер мен дәкені пайдаланған.

Алдын ала мәлімет бойынша осы уақыт ішінде оның ұлы төлем түрінде заңсыз 50 000 еуроға жуық ақша алған.

BBC News ақпаратынша, ер адам кінәсін мойындады. Ол марқұмды жерлеуге ақшасы болмағандықтан, осындай қадамға барғанын айтып ақталды. Ал өз бауырына анасы ауруханада емделіп жатқанын және ешкімді танымайтынын айтқан.


Новости партнеров