30-дан астамы жарақат алды
Мексикада туристік автобус сайға құлап, апат салдарынан 18 адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап
Оқиға Наярит штатында болған.
«Қылмыстық іздестіру қызметінің қызметкерлері, прокуратура қызметкерлері және сарапшылар оқиға орнында 18 адам қаза тапқанын анықтады, оның 7-еуі ер адам, 11-і әйел», - делінген Мемлекеттік прокуратураның Twitter-дегі аккаунтында.
Прокуратураның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында кәмелет жасына толмаған 10 бала бар.
Зардап шеккендердің 33-і ауруханаға жатқызылды.