Қытайда тасжол опырылып түсіп, 18 көлік үйінді астында қалды

01.05.2024 17:02

Төтенше жағдай орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр

Фото: Синьхуа

Қытайдың оңтүстігіне қарасты Гуандун провинциясындағы Maida көлік магистралінің учаскесі опырылып құлап, салдарынан 18 көлік үйінді астында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік магистралы 1 мамырға қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 02:10 шамасында опырылып құлаған. Апат Гуандун-Фудзянь трассасының бөлігінде болды.

Үйінділердің астында 18 көлік қалды. Құтқарылған 30-дан астам адам ауруханаға жатқызылды.

Трассадағы қозғалыс жабылған. Төтенше жағдай орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Өскеменде мас күйдегі әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен