|
10.02.2020 | 12:02
8337

«Оскар-2020»: жылдың ең үздік фильмі аталды

Сахна төріне шыққан америкалық актриса Джейн Фонда жылдың ең үздік фильмін атады

«Оскар-2020»: жылдың ең үздік фильмі аталды Кинопоиск

92-рет өтіп жатқан «Оскар-2020» жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өз мәресіне жетті. «Ең үздік фильм» номинациясында кімнің жеңіске жеткені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сахна төріне шыққан америкалық актриса Джейн Фонда жылдың ең үздік фильмін атады. Зал «Оскардың» екі дүркін жеңімпазын орнынан тұрып қарсы алған.

Сонымен «Оскар-2020» жүлдесінің ең басты сыйлығын «Паразиты» фильмі иеленді.

Ал аталған картинаның режиссері Пон Чжун Хо жылдың ең үздік режиссері атанды.

Жылдың ең үздік актері атағы режиссер Тодд Филлипстің «Джокер» фильмінде басты рөлді сомдаған Хоакин Феникске бұйырса, ең үздік актриса атағын «Джуди» картинасындағы рөлі үшін Рене Зеллвегер алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алғашқы болып «Оскар-2020» жүлдесін екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін Бред Питттің иеленгенін хабарлаған едік.

Актер өз сыйлығын «Однажды в Голливуде» фильмінде сериалдар жұлдызының көмекшісі рөлін сомдағаны үшін алған.

Forbes мәліметінше, кино саласындағы басты марапаттау рәсімін ұйымдастыруға биыл қырық төрт миллион доллар (16 667 477 200 теңге) жұмсалған.

Өткен жылдағыдай шара Лос-Анжелестегі үздік театрда жүргізушісіз өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир