Чили парламенті елдегі тұрғындардың 10 пайызына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Чилидің ұлттық конгресі елдегі тұрғындардың 10 пайызына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат беретін заңды қабылдады. Парламенттің 116 өкілі заң жобасын қолдады. Құжат пандемияның экономикалық салдарымен күресуге бағытталған.
Алғашында Чили президенті Себастьян Пинера жаңа заңға қарсылық білдірді. Алайда парламенттегі басқарушы коалиция өкілдерінің едәуір бөлігі түзетулерді қолдағаннан кейін президент жұмада ветодан бас тартып, заңға қол қоятынын мәлімдеді.
«Президенттің осы конституциялық реформаны жүзеге асыру туралы шешімін қабылдау барысында көптеген отандасымыздың қиын экономикалық және әлеуметтік жағдайы ескеріліп, зейнетақы жинақтарына қол жеткізу тездетілетін болады», – делінген үкімет хабарламасында.
Заң жобасы Чилидің 10 миллионнан аса азаматына зейнетақы жинағынан ақша алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, осы жылдың 20 шілдесінде БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі Евгений Сейпульник елдегі жағдайға байланысты Қазақстанның зейнетақы қорының салымшыларына өз жинақтарының 10 пайызын алуға мүмкіндік беруді ұсынған болатын.