|
10.10.2019 | 12:03
851

Қала басшысын жол салмағаны үшін көлікке байлап, көшемен сүйреп өтті (видео)

Қала басшысын көшемен сүйреген сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Қала басшысын жол салмағаны үшін көлікке байлап, көшемен сүйреп өтті (видео)

Мексикада Лас-Маргаритас қаласының мэрі Хорхе Эскандонаны пикапқа байлап, бірнеше көшемен сүйреп өткен, деп хабарлады Sputnik.  

Басылымның мәліметінше, оқиға Мексиканың Чьяпас штатында болған. Лас-Маргаритас муниципалитетіне қарасты Санта-Рита қауымының тұрғындары жергілікті басшы өз уәдесін орындамайды деп наразылық білдірген. Мэр осы қауымға жол тартуға сөз берген екен. Бірақ уәдесін орындамаған. Ашуланған жұрт оны күштеп алып шығып, пикаппен бірнеше көшемен сүйреп өткен.  

Лас-Маргаритастың полицейлері мэрді құтқарып қалды. Содан кейін адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиға бойынша 30 адам ұсталды.

Қала басшысын көшемен сүйреп жатқан сәт сырттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілер арқылы таралып кетті.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир