Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ошағы анықталды

02.11.2021 17:04

Жақын орналасқан фермаларға 21 күн бойы кіруге және одан шығуға шектеу қойылды

ҚазАқпарат

Оңтүстік Кореяда жабайы құстар арасында құс тұмауының ошағы анықталды. Бұл жағдай елдегі құс фабрикаларына індет жұқтыру қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ауруға шалдығудың соңғы оқиғасы Оңтүстік Чхунчхон провинциясындағы Чхонан орталық қаласынан анықталған. Бұл 2021 жылдың 30 наурызынан бері құс тұмауына шалдығудың бірінші оқиғасы болды. Министрлік елде ескерту деңгейін жоғары қызыл белгіге дейін көтеріп, карантин және қауіпсіздік шараларын енгізді. Вирус жұқтыру анықталған жер 500 метр радиуста қоршалып, жақын орналасқан фермаларға 21 күн бойы кіруге және одан шығуға шектеу қойылды. 

«Бұл – биылғы маусымда расталға алғашқы жағдай. Вирусқа қарсы шаралар қатаң сақталуы тиіс»,- деді министрлік өкілі.