|
05.11.2019 | 12:05
1312

125 000$: Түріңізді сатып ақша табуға болады

Сіздің түріңіз салынған роботтар қарт адамдарға күтуші ретінде пайдаланылады

125 000$: Түріңізді сатып ақша табуға болады


Түріңізді сату туралы ойлап көрдіңіз бе? Және анау-мынау ақшаға емес, қомақты сомаға – 125 000$. Мұндай хабарландыруды шетелдік Geomiq компаниясы жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Аталмыш компания робот жасаумен айналысады. Роботтарды адамға барынша ұқсату үшін адамдардың түрін сатып алуды көздеп отыр. Яғни, түріңізді сатып алса, әлемде дәл сіз секілді робот пайда болады.

Гуманоид-роботқа арналған түрді компания 125 мың долларға сатып алмақ. Мұндай роботтар қарт адамдарға күтуші ретінде пайдаланылады. Сондықтан үміткерлерге қойылатын басты талап – түрі мейірімді болуы тиіс.

Жоба келер жылы жүзеге асырылады екен.

Өтінім мен фотосуретті faces@geomiq.com электронды поштасына жіберуге болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир