Бүгінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1500-ге жуықтады

14.02.2020 17:05

Жаңа вирус Оңтүстік Америка құрлығынан басқа барлық континенттерде анықталған

U-f.ru

Аталған дертті әлем бойынша 65 мың адам жұқтырған. Мұндай ақпаратты «Саут чайна монинг пост» басылымы жариялап отыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазіргі уақытта қауіпті дерттен 1 448 науқас көз жұмды. Басылымның мәліметінше, жаңа вирус Оңтүстік Америка құрлығынан басқа барлық континенттерде анықталған. Қауіпті індеттің ошағы Хубэй провинциясында 52 мың адам коронавирусты жұқтырыпты.

Айта кетейік, осыған дейін Гонконгтағы мамандар коронавирус кәріз құбырлары арқылы таралады деп болжаған болатын.