Францияның оңтүстік-шығысында 5,4 балдық жер сілкінісі болды

13.11.2019 17:05

Коммунаның 300-ге жуық тұрғыны апатты аймақты тастап, жергілікті мектепке көшірілген

Монтелимар қаласының маңындағы Ле-Тай коммунасында болған зілзала салдарынан 30 үй толығымен қирап қалды, тағы 250 үйге айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Жер асты дүмпулері Лион, Монпелье қалаларында да сезілген. Дерек көздері Ардеш префектурасында зардап шеккен үш адамның болғанын хабарлады.

Қайтыс болғандар туралы ақпарат әзірге белгісіз. Коммунаның 300-ге жуық тұрғыны апатты аймақты тастап, жергілікті мектепке көшірілген.