Қытайда автобустың үстіне тас құлап, адамдар көз жұмды

30.06.2023 в 17:06

Оқиға кезінде көлік салонында 19 адам болған

Қытайда автобустың үстіне тас құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға кезінде автобус салонында 19 адам болған.

Жергілікті билік қайғылы оқиғаның Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қалалық ауданында болғанын мәлімдеп отыр.

«Тау іргесінде келе жатқан көліктің үстіне орташа өлшемді тастар құлаған. Соның саладрынан алты адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.

Арнайы қызмет құтқару жұмыстарын жүргізді. Қазір аймақта толассыз жауған жаңбырға байланысты төтенше жағдайдың «сары» деңгейі жарияланды.