Үндістанда найзағайдан пілдер қырылып қалды
pixabay.com
Бұл – осы аймақтағы 20 жылдың ішінде бір уақытта қырылған пілдердің ең көп саны
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатының Нагаонында 18 жабайы пілдің өлі денелері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мемлекеттік шенеуніктер пілдердің Кандоли қорығында найзағай соғуы салдарынан қырылғанын айтып отыр. Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары жануарлардың өлі денелерін тауып, бұл туралы билікке хабарлаған. Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма пілдердің осыншама көп санының қырылуына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тергеу амалдарының басталғанын мәлім етті. Үндістанда 27 мыңнан астам азиялық піл бар, соның 21 пайызына жуығы Ассамда мекендейді. Бұл – осы аймақтағы 20 жылдың ішінде бір уақытта қырылған пілдердің ең көп саны.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46