Оқиғаның себептерін тергеу жұмыстары жүргізілуде
Қытайдың солтүстігінде Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы Чифэн қаласында болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні сағат 12:34-те орын алған. Провинциялық деңгейдегі автожолда келе жатқан екі көлік Чифэн қаласының Аохань хошун аумағында соқтығысқан, деп хабарлады жергілікті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы. Оқиғаның себептерін тергеу жұмыстары жүргізілуде.