Оқушылардың ата-аналары мұғалімнің үстінен мектеп директорына шағымданған
Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолына ине мен шеге тыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Жанжал Сергели ауданының №277 мектебінде басталды, онда мұғалімдердің бірі бірінші сынып оқушыларының қолына ине мен шеге шаншыған.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мұғалімнің үстінен мектеп директорына шағымданған.
Мұғаліммен еңбек шарты бұзылды. Сергели ауданының ІІБ қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін, Ташкенттегі Шайхантахур ауданының №167 мектебінде мұғалім бірінші сынып оқушысын ұрып-соққаны белгілі болған еді.
Оқи отырыңыз: Астанада мектеп оқушысы терезеден секірді