Күйеу жігіт пен қалыңдық мектеп кезінен бері кездесіп жүрген
Техаста жас жұбайлар некелескеннен кейін бірнеше минуттан соң, жол апатынан көз жұмды.
Жас жұбайлар неке сарайынан шыққаннан кейін көп ұзамай жол апатына ұшыраған. Олардың автокөлігі жолда пикаппен соқтығысты. Жеңіл көлік бірнеше рет аударылып, жыраға құлаған. Екі жас оқиға орнында қаза болды, пикап жүргізушісі аман, деп хабарлайды Sputnik.
19 жастағы күйеу жігіт пен 20 жастағы қалыңдық мектеп кезінен бері кездесіп жүрген. Қос ғашық желтоқсан айында үйлену тойын дүркіретіп атап өтуді армандапты.
"Бар қалауы – үйленіп, жаңа өмір бастау еді. Жоспарлары өте көп болатын", - дейді күйеу жігіттің анасы.
Қайғыдан қан жұтқан әйел сол күні ұлының өліміне куә болғанын айтты.
Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
The 19- and 20-year-olds had been dating off-and-on since 8th grade, family members said. They had a formal wedding ceremony planned for December. pic.twitter.com/uYIntw7Vxm
— Monique Batson (@Mo_Bats) August 23, 2019