|
13.05.2021 | 12:15
4207

Газа секторында зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны артты

Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына Газа секторынан зымыранмен соққы жасаған

Газа секторында зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны артты life.ru

Израиль тарапынан жасалған соққы салдарынан Газа секторында қаза тапқандардың саны 67-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше мерт болғандардың арасында 17 бала бар. 

Тағы 388 адам түрлі жарақат алған. Оның 115-сі бала мен 50-і әйел адам. Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын Израиль мен Палестинаның анклавы саналатын Газа секторында, израильдік полицейлер мен палестиналық мұсылмандар арасында қақтығыс болып, кейін жағдай ушығып кеткен болатын. 

Салдарынан Газа секторы Израильге оқ жаудырып, 6 Израиль азаматы мен 200-ден астам адам зардап шеккен еді. Бұл әрекетке Израильдің қорғаныс күштері бәрі орнына келмейінше соққы жасай береміз деп мәлімдеді. Қазір қақтығысты бейбіт жолмен шешу мүмкін болмай отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир