Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына Газа секторынан зымыранмен соққы жасаған
Израиль тарапынан жасалған соққы салдарынан Газа секторында қаза тапқандардың саны 67-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше мерт болғандардың арасында 17 бала бар.
Тағы 388 адам түрлі жарақат алған. Оның 115-сі бала мен 50-і әйел адам. Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын Израиль мен Палестинаның анклавы саналатын Газа секторында, израильдік полицейлер мен палестиналық мұсылмандар арасында қақтығыс болып, кейін жағдай ушығып кеткен болатын.
Салдарынан Газа секторы Израильге оқ жаудырып, 6 Израиль азаматы мен 200-ден астам адам зардап шеккен еді. Бұл әрекетке Израильдің қорғаныс күштері бәрі орнына келмейінше соққы жасай береміз деп мәлімдеді. Қазір қақтығысты бейбіт жолмен шешу мүмкін болмай отыр.