Ингушетия экстремизммен күрес орталығының басшысы көз жұмды

04.11.2019 17:16

Көмекке ұмтылған ағасы Ахмед те оққа ұшты

Мәскеуде белгісіз біреулер Ингушетиядағы экстремизммен күрес орталығының басшысы Ибрагим Эльджаркиевті атып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кадрден аулаға келіп тоқтаған көліктен шыққан Эльджаркиевке тұтқиылдан оқ жаудырғанын жедетті анық көруге болады. Көмекке ұмтылған ағасы Ахмед те оққа ұшты. Нәтижесінде ағайынды Эльджаркиевтер оқиға орнында мерт болған. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, 10 адам күдікке ілінген. Мәскеу қаласында іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Теги: покушение