Өрт өршіп тұр: Грекия тұрғындары жаппай эвакуацияланып жатыр

12.08.2024 17:18

Жергілікті тұрғындар ыстық пен жел аралас ауаға тұншығып, үйлерін тастап кеткен

elements.envato.com

Грекияда орман өрті өршіп тұр. Афинаға дейін жеткен өрттен бірнеше ауыл мен қала тұрғындары эвакуацияланды. Жергілікті тұрғындар ыстық пен жел аралас ауаға тұншығып, үйлерін тастап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Reuters.com сайтына сілтеме жасап.

16 ұшақ пен 13 тікұшақтың көмегімен 400-ден аса өрт сөндіруші Афинадан солтүстікке қарай 35 км жерде Барнавас ауылында өртпен күресуде.

Айта кетерлігі, мамырдан бастап Грекияда жүздеген дала өрті тіркелді. Сарапшылар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.