|
26.10.2023 | 12:19
492

Чехияда аспаннан миллион доллар шашылды

Қайырымдылық көмекке үндеу жасалды

Чехияда аспаннан миллион доллар шашылды elements.envato.com

Чехияның Прага қаласына жақын орналасқан Лиса-над-Лабем қаласында ерекше көрініс болды. Каzma деген атпен белгілі танымал чех блогері және инфлюенсер Камил Бартошек халыққа аспаннан миллион доллар ақша жаудырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Каzma Instagram желісінде жүргізген сауалнамасынан кейін тікұшақтан миллион доллар ақша лақтырамын деген шешімге келген. Көрермендер мен қатысушылар алаңға шашылған бір долларлық қағаз ақшаны полиэтилен пакеттер мен рюкзактарға салып, жинап жатты. Шоуға шамамен төрт мыңға жуық қатысушы жиналды.

Кazma өз жазылушылары арасында байқау өткізіп, жеңімпазға миллион доллар беруді уәде еткен. Ол үшін қатысушылар оның бір фильміндегі кодты шешуі тиіс болды.

Алайда кодты ешкім шеше алмаған соң, ол қосымша жоспар ойлап тауып, әрбір ақша белгісіне іздеушілерді қайырымдылық сайтына бағыттайтын QR-код жапсырған.

Бұл тек ойын-сауық шарасы ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық көмекке шақыру болды.

Оқиға үлкен сын мен дау тудырды. Ақшаны бөлудің заңдылығы, сондай-ақ салық төлеуге байланысты салдары күмән тудырды. Ақша белгілеріне қаржылай көмекке мұқтаж адамдар туралы жазылған жапсырмалар да дау тудырды. Сыншыларға атақты адамдар мен қоғам қайраткерлері де қосылып, ақшаның маңыздырақ нәрсеге жұмсалғаны жөн еді деген пікір білдірген.

Оқи отырыңыз: 26 қазанға арналған валюта бағамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир