Қорлыққа шыдай алмаған бойжеткен көршісіне айтып, ол тиісті мекемелерге хабарлаған.
Қарызын өтей алмаған әкесі несие берушіге қызының абыройын сатқан. Оқиға Бангладеште болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі The Business Standard-қа сілтеме жасап.
Мәселенің бәрі былтыр қыздың әкесі құс фабрикасында істеген кезден басталған. Жұмыс берушіден 6,000 бангладеш такасын (70 АҚШ доллары) қарыз алған ол дер кезінде қайтара алмай қалған. Соны пайдаланған мекеме иесі оған қызын көндіріп беруді ұсынған.
Әкесінің айтқанына бағынуға мәжбүр болған қызды несие беруші бір рет қана емес, біршама уақыт бойына зорлап келген. Қорлыққа шыдай алмаған бойжеткен көршісіне айтып, ол тиісті мекемелерге хабарлаған.
Полиция қызын сатқан арсызды қамауға алған, ал қашып кеткен айыпталушы ізделіп жатыр.