"Анашым, кешір": жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды

27.10.2019 21:53

40-қа тарта адам мұздатқыш камерада қамалып отырған, оның ішіндегі ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен

Sputnik

Ұлыбританияның Эссекс графтығында полиция жүк көлігінен табылған 39 адамдардың суретін жариялады.

Көлікте қаза болғандардың арасында Вьетнамның 26 жастағы тұрғыны Фам Тхи Тра Май да болуы мүмкін. Трагедия күні ол туыстарына жантүршігерлік хат жіберген, деп хабарлайды Sputnik.

"Анашым, кешір, менің шетелге сапарым сәтті болмады. Сені және әкемді қатты жақсы көремін. Мен өлейін деп жатырмын. Өйткені дем алу мүмкін емес ", - деп жазды бойжеткен ата-анасына.

Қыздың туыстарының айтуынша, Ұлыбританияға бару үшін ол 30 мың фунт стерлинг (15 миллион теңге) төлеген.

Алдын ала болжамға сәйкес, көлікте Вьетнамның тағы бір азаматы - 20 жастағы Нгуен Динь Луонг болған.