Жаңажылдық безендіруге шырмалып қалған Airbus 319 ұшағы шұғыл қонды

Фото: tourweek.ru
Фото: tourweek.ru
Ұшақ ұшу-қону жолағынан шыққаннан кейін, жаңажылдық безендірудің барлығын алып тастау үшін авиациялық өрт сөндіру бригадасын шақыруға тура келді.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылдағы қауіпті оқиға Колумбия әуежайында болды. Бейсенбіден жұмаға 31 желтоқсанға қараған түні жаңажылдық безендіруге шырмалып қалған ұшақ шұғыл қонды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Тourweek.ru сілтеме жасап.

Колумбияның Avianca әуекомпаниясының Airbus 319 ұшағы Колумбия астанасы Богота қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Эль-Дорадо халықаралық әуежайына қонуға бұрылған кезде әуе шары тәрізді затқа соғылған.

Орландодан (АҚШ) жолға шыққан жолаушылар әуе кемесінің қанаттары, қозғалтқышы және корпустың басқа бөліктері жаңажылдық безендіру ленталарына оралып қалған. N557AB мемлекеттік нөмірлі әуе кемесі айтарлықтай зақымданған жоқ. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шыққаннан кейін, жаңажылдық безендірудің барлығын алып тастау үшін авиациялық өрт сөндіру бригадасын шақыруға тура келді.

Әуежайдың баспасөз қызметі оқиға туралы хабар беріп, ешкім зардап шекпегенін, барлық бөлімшелер тексеріліп, толық жұмыс күйінде екенін айтты. Әуежайдың арнайы тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Жаңажылдық безендірулерге оранған ұшақтың бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Новости партнеров