Ливияның астанасы Триполи қаласында әскери колледжге ракеталық соққы жасалды

06.01.2020 17:27

Шабуыл салдарынан 30-ға жуық курсант қаза тапты

Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы тарап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, бұл материалды Ливияның ұлттық келісім үкіметі ұсынған. Хабарламада соққы «Blue Arrow 7» ракетасы арқылы жасалды делінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шабуыл салдарынан 30-ға жуық курсант қаза тапты. Тағы 33-і түрлі деңгейде жарақат алған. Әскери училище, Ливия астанасының батысындағы Аль-Хадба аль-Хадра ауданында орналасқан. Оқу орны осы елдің ұлттық келісім үкіметінің қарауында. Жауаптылар, бұл шабуылға қатысты деп Ливияның ұлттық әскерін кінәлап отыр. Еске салайын, Триполи іргесінде әскери қақтығыстар 2019 жылдың сәуірінен бастап тоқтамай тұр.