Әлем аруына кім лайықты болды (фото, видео)

10.03.2024 16:29

Үндістанның Мумбай қаласында сұлулық байқауының финалы өтті

Сгенерировано ИИ

24 жастағы чехиялық Кристина Пышкова "Әлем аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кристина Пышкова "Әлем аруы" атағының 71-иегері болды. 9 наурызда Үндістанның Мумбай қаласында сұлулық байқауының финалы өтті. 

Байқау өткен жылдың желтоқсан айында өтуі керек болған. Бірақ кейінге қалдырылғандықтан, Пышкова 2023 жылғы титулға ие болып отыр. Алдыңғы жарыста (2021 және 2022 жылғы) поляк қызы Каролина Белявска жеңімпаз атанған еді.

Басылымның чех БАҚ-тарына сілтеме жасап жазуынша, Кристина Пышкова Тршинец деген шағын қалада дүниеге келген, қазір Прагада тұрады. Ол Карлов университетінде және Австрияның Инсбург қаласында құқық және іскерлік басқару салалары бойынша білім алуда. Оқумен қатар модель болып жұмыс істейді. Бұған қоса Пышкова ерікті ретінде Танзаниядағы аз қамтылған қауымдастықтардың балаларына арналған ағылшын тілі мектебін ашуға қатысып, сонда жұмыс істеген. 

Сайттағы дерек бойынша, Пышкова төрт тілді меңгерген: ағылшын, неміс, поляк, словак. Лента.ру басылымының жазуынша, марапаттау рәсімі 9 наурызда өткенімен, қатысушылар Үндістанға 18 ақпанда келген. Финалға шықпас бұрын әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сұлулар бірнеше сынақтан өткен. Тәжді жаңа жеңімпазға "Әлем аруы" атағын 2022 жылы иеленген польшалық Каролина Белявска табыс етті. Жеңімпаздың тәжі гауһар тастармен безендірілген, құны шамамен 44 миллион теңгеге бағаланады.

Оқи отырыңыз: Ерке Есмаханға күйеуі қандай сыйлық сыйлады