Ыстықкөлде қаскөйлер баланы ұрлап, ата-анасынан ақша талап еткен

23.07.2023 в 17:31

12 жасар баланы ұрлау туралы арыз 20 шілдеде түскен

stan.kz

Қырғызстанда Ыстықкөл жағажайынан жасөспірімді ұрлап, ата-анасынан ол үшін 300 мың доллар төлеуді талап еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

12 жасар баланы ұрлау туралы арыз 20 шілдеде Шу облысының тумасынан келіп түскен. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның жағажайда сағат 08:30 шамасында болғанын айтты.

"Факт аудандық милиция ақпаратын есепке алу журналында тіркелді және жедел-іздестіру іс-шаралары бірден басталды. Сағат 21:00 шамасында бала Шу облысының аумағында табылды, содан кейін ол анасына берілді", — деп атап өтті полиция.