Түрік әскерилері Сирия ӘӘК-нің екі ұшағын атып түсірді. Бұл туралы сириялық SANA мемлекеттік агенттігі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Агенттік мәліметінше, сириялық екі ұшақ Идлиб маңында атып түсірілген. Пилоттар катапультацияланған.
Сонымен қатар, Идлиб маңында түріктің ұшқышсыз ұшағы атып түсірілген. САР Қарулы күштерінің қолбасшылығы провинцияда әуе жолдарын жабу туралы шешім қабылдаған.
Anadolu агенттігі болса сириялық екі Су-24 бомбалаушысы Түркия ӘӘК ұшақтарына шабуыл жасауға әрекет жасағанда атып түсірілгенін хабарлап отыр.
Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сириялық армияның әуе шабуылына қарсы үш қондырғысы жойылған, олардың бірі Түркия ӘК-нің Саракиб қаласының түбінде ұшақсыз ұшқышын атып түсірген.
Идлибте 27 ақпанда террористер сириялық армияның позицияларына ірі масштабты шабуыл жасауынан кейін жағдай ушыға бастады. Үкіметтік әскер қарсы соққы жасады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, соққының астында түрік әскерилері де қалып қойған.