Жапонияда апат салдарынан 60 мыңға жуық үй сусыз қалды

06.10.2021 в 17:32

Уақытша су құбыры 9 қазанда ғана жөнделеді

Жапония орталығындағы Вакаяма қаласында 60 мыңға жуық пәтер мен жекеменшік тұрғын үйлер муниципалдық су құбыры өткен көпірдің опырылып түсуі салдарынан сусыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Уақытша су құбыры 9 қазанда ғана жөнделеді. Апат салдарынан қазіргі кезде қаланың шамамен төрттен бір бөлігі тұрақты сумен жабдықтаусыз қалған. Зардап шеккен ауданға Жапония қарулы күштерінің бөлімшелері жіберілді. Олар жергілікті тұрғындарға суды цистерналармен жеткізіп жатыр.