Жемістен басқа тамақ бермейді: қатал келіншекті ата-ана құқығынан айыру ұсынылды

20.05.2019 17:32

Желі пайдаланушылары баласын тек жеміс-жидекпен тамақтандырған келіншекті ата-ана құқығынан айыру керектігін айтып отыр

Ресейлік қауым блогер Ксения Рязанцеваның баласының денсаулығына алаңдаулы. Ол өзі мен 2 жасар баласы үшін «біртүрлі» диета таңдаған. Ол енді баласына жемістен басқа тамақ бермеген.

Бала жарты жыл бойы осылай тамақтануға мәжбүр болған. Оған ет пен ірімшік сынды тағам жеуге тыйым салынған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Балам жылайды. Бірақ мен оған жемістен басқа тамақ жеуге рұқсат бермеймін. Өзі есін білетін жасқа келгенде, еш нәрсеге тыйым салмайтын боламын», - дейді қатал ана.  

Дәрігерлер мұндай тәсілге мүлдем қарсы. Тамақтану мәдениетін жасөспірім шақтан бастап қалыптастыру керек деген ойда. Ал кішкентай бала барынша дұрыс тамақтануы қажет. Ксенияның күйеуі бар. Бірақ ол да баланың мәзіріне қатысты наразылық білдіріп отырған жоқ екен.