Тағы бір үй жануары баланы улы жыланнан құтқарам деп мерт болды. Кобра үй ішіне кірмек болған, деп жазды Stan.kz.
Филиппиннің Кидапаван қаласында бейнебақылау камерасына екі иттің кобра жыланымен арпалысқан сәті түсіп қалған. Улы жылан мен ит үй ауласында айқасты. Үйде бір жасар бала болған.
Мокси атты ит жыланды байқап, оған тұра ұмтылады. Оған Майли атты ит көмекке келеді. Екеулеп жыланды тістеп, кезекпен лақтырысты.
Иттер мен жыланның айқасы 10 минутқа созылған. Иттер жыланды тістеп алды. Алайда кейінірек жылан уынан Майли мерт болды. Мокси аман қалды, бірақ көзі көрмей қалды. Жылан оны да тістеген екен.
«Әйелім екеуміз жұмыста болғанбыз. Камераны көріп таңғалдық. Иттерімнің алдында қарыздармын. Олар менің қызымды қорғап қалды. Майлиді сағынатын болдық», - дейді қыз баланың әкесі.