ДДCҰ коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне жастарды кінәлады

01.08.2020 17:33

Әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 18 миллионға жақындады

delo.ua


Жастардың бейқамдығы, қорғаныс талаптарын елемеуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне алып келді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы (ДДCҰ) Тедрос Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews порталына сілтеме жасап.

ДДCҰ мәліметінше, Солтүстік жарты шарда коронавирус инфекциясының өршуі жастардың әрекетіне де байланысты болған.

Тедрос Гебрейесус олар да СOVID-19 вирус таралмауы үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы керегін атап өтті.

Сондай-ақ, ол жастар коронавирус инфекциясын өзгелеруі жұқтыруы, тіпті аурудан өліп кетуі мүмкін екенін ескертті.